KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы өседі

6.03.2019, 05:26 286

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшерінің өзгеретіні жайлы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

-Мүгедек балаларға арналған және 18 жастан асқан мүгедек балалардың күтіміне төленетін жәрдемақы осыған дейін 31 183 теңгені құраған. Оған 10 мың теңге қосылып, 41 578 теңгеге көтеріледі, - деді министр үкіметтегі баспасөз конференциясында.

 

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, министрлік қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әр отбасыға бірыңғай әлеуметтік карта әзірлеуде.

 

Бұл картаның негізінде әлеуметтік көмекке ең мұқтаж азматтарды анықтап, оларға бірінші кезекте жәрдем берілетін болады.

 

-Жұмыс істеуге денсаулығы жарайтын қазақстандықтар жұмыс істеуге тиіс. Біз оларға жұмыс орындарын ұсынып, жұмысқа орналастырамыз. Бес мыңнан астам адамды қамтитын 505 мың теңге мөлшерінде қосымша гранттар бөлінеді, - дейді ол.

 

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға шағын несие беру мүмкіндігі де қарастырылады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив