KZ
Өскемен
+6°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
448.81 476.82 4.77

Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы екпе салу енгізілмек

4.03.2019, 12:16 238

 

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әйелдерге папиллома вирусына қарсы екпе салу бағдарламасын жандандыруға ниет білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс  тілшісі.

 

Папиллома вирусына қарсы екпе жатыр мойны обырының алдын алуға айтарлықтай серпін болады деп күтілуде. Қазір елімізде бұл қатерлі ауруға шалдыққан науқастардың қатары жылдан жылға артып келеді.

 

- Онкологиялық  аурудың 50%-ға алдын алуға болады. Көп елдерде қыздар мен ұлдарға папиллома вирусына қар екпе салуды енгізіп қойған. Біз де енгізбек болдық. Алайда біздің қоғам жалпы екпе туралы теріс көзқараста, сондықтан одан бас тартуға тура келді. Нәтижесінде әйелдер қатерлі  ісіктен көз жұмуда.  Бұл мәселені Кешенді жоспар аясында қайта қарау қажет, - деді министр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив