KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Адам өміріне араша түсуге қашан да дайын өскемендік полицейлер қан тапсырды

4.03.2019, 05:12 157

Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қайырымдылық шараларын жалғастырып, «Облыстық қан орталығына» барып қан тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ал қандай да бір қиын жағдайға ұшыраған жанның ағзасы қанға мұқтаж болатыны белгілі. Күнделікті қызмет бабында сан түрлі оқиғалардың куәсі болатын тәртіп сақшылары адам өміріне араша түсуге қашан да дайын. Қан тапсыру – Өскемендік полицейлердің қалыпты дәстүріне айналған.


– Қан тапсыруды өзіміздің азаматтық міндетіміз деп білеміз. Тапсырған қанымыз кез-келген жанның қажетіне жарап, жанына шипа болса деп тілейміз. Бұл ісіміз келешекте де жалғасын таба береді, - дейді бұл күні қан орталығына келген Өскемен қалалық ПБ айдауыл қызметі взводының айдауыл-полицейі, полиция аға сержанты Бекзат Ануарбеков.


Полицейлердің айтуынша, егер бір рет қан тапсырған адам бір немесе екі адамның өміріне араша бола алады. Ал тұрақты донорға айналсаңыз, жүздеген жанның өмірін сақтап қалуға себепші боласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив