KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Жыл соңына дейін 183 ауыл сапалы интернетке қосылады – ШҚО әкімі

19.09.2022, 09:59 354

Өңірлердің интернетпен қамтамасыз етілуі қазіргі уақытта басты міндеттердің бірі. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Алайньюс тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, көптеген ауылдар қазіргі күні дүниежүзілік желіге қосылу бағдарламасына кірмеген, алайда интернет орнату жұмыстары тоқтап қалады деген сөз емес.

-        Инфрақұрылымды дамытудан басқа, аудандар үшін басты міндет интернетпен қамтамасыз ету болып қала береді. Біздің 126 ауыл интернетке қосылмаған. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Жыл соңына дейін 183 ауыл сапалы интернетке қосылады, - деп уәде берді Даниал Ахметов облыстық мәслихат сессиясында.

Өңірде антенна-мачталық құрылғыларды орнату жалғаспақ.

-        Құрылғылардың бағасы өсіп жатыр. Мәселен, жыл басында 45 миллион, қазір бағасы 70 миллион теңгеден басталады. Бірақ ол ауылдарды интернетпен қамтуға еш кедергісін келтірмейді, - деп түсіндірді ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив