Өскемен
-29°
плотный туман ветер 1 м/с, В
468.9 485.64 7.7

ШҚО-да мемлекеттік бағдарламалар аясында 384 жоба субсидияланған

18.09.2022, 11:10 3 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да индустриялық секторда кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін 32 жоба іске асырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы облыстық мәслихаттың 19-сессиясында депутаттар алдында ШҚО дамуының маңызды аспектілері туралы берген есебінде айтты. 

  • - Өңір экономикалық көрсеткіштердің барлық индикаторларын жақсы қарқынмен жүзеге асыруда. Мәселен, индустриялық секторда кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін 32 жоба іске асырылды. Бұл АЭС үшін жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыт. Қыркүйек айынан бастап зауыт Қытай нарығына өнім жеткізуге кірісті. Жоба Қазақстанға Атом станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі шеңберіне кіруге мүмкіндік береді. ТМК Сәтбаев кен орнында екінші байыту фабрикасын іске қосты. Жыл соңына дейін Стриженск кен орнының полиметалл және мыс-колчедан кендерін өнеркәсіптік игеру жобасын іске асыру жоспарланған. Жақын арада Тарбағатай ауданында қуаты жылына 25 млн. тонна мыс кенін өңдейтін тау-кен байыту комбинатының құрылысы және басқа да жобалар басталады, - деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ жыл басынан бері барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 384 жоба субсидияланған. Аймақ басшысы жақын арада облыста агроөнеркәсіптік секторды дамыту бойынша мемлекет Басшысы қойған міндеттерді шеше отырып, өнімді ҚХР стандарттары бойынша сертификаттауға мүмкіндік беретін биозертханасы жұмыс істей бастайтынын атап айтты.  

- Біз ғимарат салдық, барлық инфрақұрылымды дайындадық. Қытай тарапы құрал-жабдықтар жеткізіп, біздің мамандарды оқытады, бұл біздің өңір үшін өте маңызды жоба. Біз 2 бағдарлама аясында жобаларды жалғастырамыз - шекаралас аудандар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамыту. Облыстың әлеуметтік саласын жаңғырту жұмыстары әлі де жалғасуда, - деді Даниал Ахметов. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив