KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

ШҚО-да заңсыз ауланған 20 тонна балық тәркіленді

2.11.2022, 10:25 256 Оразай Жеңісұлы

Заңсыз 20 тоннаға жуық балық аулаған Өскемен тұрғыны ұсталды.

Оқиға Тарбағатай ауданының аумағында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Омбы–Майқапшағай»  тасжолының 29-шы шақырымында жүк көлігін тоқтатқан. Жүргізушінің тиісті құжаттарсыз 20 тоннаға жуық көксерке мен табан балығын тасымалдап бара жатқаны анықталды. Келтірілген жалпы шығын 116 миллион теңгеден асады.

«ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған  бапта 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

Айта кетейік, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында облыс аумағында «Браконьер» жалпыреспубликалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив