KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Мал өсіру үшін 182 кәсіпкер субсидия алды – ШҚО

Шартты сурет

2.11.2022, 17:33 252 Ләззат Қанатқызы

Зайсан ауданында 182 кәсіпкер асыл тұқымды мал өсіру үшін субсидия алды.

Аудан әкімінің айтуынша, мал саны артып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға көңіл бөлінген көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін 341 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылған көрінеді.

- Анығырақ айтатын болса, ауданда 98 807 ірі қара, 43 725 жылқы, 105 625 қой мен ешкі бар. Биыл асыл тұқымды мал өсіру және санын көбейту мақсатында мемлекеттен субсидия алу үшін 209 кәсіпкер құжаттарын тапсырып, 182 адамға субсидия берліді, - дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудандағы бірқатар маңызды салада да өсім байқалып отыр. Атап айтқанда, аудан экономикасындағы ең негізгі салалардың бірі болып табылатын – өнеркәсіп саласы. Мәселен жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінде 890 млн теңгенің өнімі шығарылған.

- Нақты айтқанда, 19,8 тонна көмір, 14,2 тонна бетон және құрылысқа қажетті бетон өнімдері, 34 тонна өңделген сүт, 500 тонна ұн, 418 тонна нан өнімдері өндірілді. Іске асырылып жатқан барлық жобаның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестиция тарту, - дейді Дулат Қажанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив