Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
468.9 485.64 7.7

ШҚО-да Ресей азаматы зейнеткерді тонап кетті

3.11.2022, 09:50 98 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында шетелдік азамат зейнеткерді тонап кетті.

Қазан айының соңында Жарма ауданының Қалбатау ауылының 73 жастағы тұрғыны полицияға хабарласқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Зейнеткердің айтуынша, үйдің ауласында бейтаныс әйел 500 мың теңге тұратын алтын сырғаларды қолынан тартып әкеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер шабуыл жасаған адамды анықтады. Ол 27 жастағы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Күдікті жауап алу кезінде кінәсін мойындады», - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив