KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайды

5.11.2022, 14:30 343 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысының халық пен биліктің өзара ісқимылын нығайту жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту, бизнес пен экономиканы қолдау мәселелерін шешу туралы алгоритм әзірленген.

Жыл басынан бері өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты серпінді өсуі сақталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нақты сектор экономика тұрақтылығының факторы болып қалуда. Жыл басынан бергі қысқамерзімді негізгі индикаторлар 105,2%-ға жетті, өнеркәсіп өнімінің көлемі 105,0%-ға, ауыл шаруашылығы 104,9%-ға, инвестиция 111%-ға, құрылыс жұмыстары 104,8%-ға өсті. Мұның бәрі мемлекет бюджетіне түсетін түсімді 1,4 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Еңбек нарығы тұрақтандырылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайды (елде – 4,9%). Орташа айлық жалақы 282,7 мың теңгеге жетті, өткен жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда өсім 124,9% болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив