Өскемен
-29°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, В
468.9 485.64 7.7

ШҚО-да 9 айда 1,6 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

5.11.2022, 15:18 98 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімінің үштен бірінен астамын өнеркәсіп өндірісі қалыптастырады.

Өнеркәсіп құрылымындағы негізгі үлес өңдеу секторына тиесілі (89,6%), бұл салада 685 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 29-ы – орта, 18-і – ірі кәсіпорын.

Жалпы, бұл сала экспортқа бағдарланған. Облыс әлемдегі барлық титанның 16%-ын, тантал өнімдерін шығарады, сонымен қатар атом электр станцияларына арналған уран отынының бірегей өндірісіне ие. Өңір әлемдегі ең ірі бериллий жеткізушілерінің үштігіне енеді.

Өңірде осы жылдың 9 айында 1,6 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 134,2%-ға, таукен өндірісі 108,4%-ға ұлғайды. Тазартылған шикі мыс, тазартылған алтын және күміс өндірісін арттыру арқылы металлургия өндірісі 113,3%-ға өсті. Азық-түлік өндірісі 108,8%-ға, химия өнеркәсібі өнімдері 2,1 есе өсті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив