KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасып келеді

шартты сурет

6.11.2022, 17:11 417 Оразай Жеңісұлы

Облыстың жол-көлік инфрақұрылымын қарқынды дамыту жалғасып келеді. Жалпы сомасы 19 375,1 млн. теңге болатын 232 км жолдар мен көшелерді және бес көпірді жөндеу бойынша жоспарланған 75 жобаның 62-сі аяқталды, 182 км жол жөнделді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі жыл соңына қарай 91%-ға жетеді.

Жалпы құны 4, 9 млрд. теңге болатын Өскемен қаласының әуежайын қайта жаңарту және тәулігіне 100 тонна жүкті уақытша сақтау қоймасы мен 30 тонналық жүк терминалының құрылысы аяқталды (биыл 2, 4 млрд. теңге бөлінді). Мына ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр:

– Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу (биыл 10,2 млрд. теңге бөлінді);

– Қалбатау – Майқапшағай (415 км-дің 146 км-і қайта жаңартылды), Талдықорған – Қалбатау – Өскемен (454 км-дің 325 км-і қайта жаңартылды, жолдарды қайта жаңарту 2023 жылдың соңына дейін аяқталады) республикалық маңызы бар автожолдарын қайта жаңарту;

– Өскемен – Алтай – Рахман қайнары автожолын Осинов асуын айналып қайта жаңарту (ЖСҚ түзетілуде. 2023 жылы мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурс өткізіледі);

– Зайсан әуежайын қайта жаңарту (жыл соңына дейін жобалаусметалық құжаттаманы әзірлеу басталады).

Тұрғындар үшін тарифтің қолжетімді деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар автобус (қалаішілік бағыттар), теміржол (Алтай, Риддер) және әуе тасымалы (Зайсан) субсидияланады. Осы мақсаттарға биыл 2,5 млрд. теңге қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив