KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-ның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

5.11.2022, 11:42 268 Оразай Жеңісұлы

Сенбі күні 9 қалада ауа сапасы нашарлайды.

5 қарашада Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив