KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

ШҚО-да 90 келі балық аулаған тұрғын тұтылды

9.11.2022, 11:34 313 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанда заңсыз түрде 90 келі балық аулаған  браконьер ұсталған.

Тәртіп сақшылары заң бұзушыны Алтай ауданында Бұқтырма жағасында ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Күдікті балықты өз қайығымен жүріп аулаған. Қызметкерлер 90 келі балық тәркіледі», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Тарғабатай ауданында тағы бір  браконьерлік факті тіркелген. Тұғыл ауылының 59 жастағы тұрғыны күдікті деп танылды.

«Резеңке қайықтан монофиламенттен жасалған синтетикалық тор табылды. Тәртіп сақшылары 500 метрлік ауды және қайықты тәркіледі», - деп жазылған хабарламада.

Заң бұзушы екі адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Облыс аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатқанын естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив