Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
458.69 501.3 6.52

Бір жыл бойы екі елден зейнетақы алған – ШҚО

9.11.2022, 12:02 156 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанда көші-қон қызметі қос азаматтығы бар тағы бір адам ұсталды.

74 жастағы тұрғын Қазақстан және Ресей тарапынан бір жылға жуық уақыт бойы зейнетақы алып келген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Заң бұзушыны Алтай ауданының тәртіп сақшылары анықтаған.

«74 жастағы тұрғын Красноярск өлкесінде Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын ресімдеген. Алайда бұл туралы ішкі істер органдарына хабарламай, бір жылға жуық екі елден зейнетақы алған. Қазақстанның құжаттарын пайдаланғаны үшін шетел азаматына Алтай ауданының соты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салды», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО-да жыл басынан бері қос азаматтықпен 75 адам ұсталды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив