Өскемен
-24°
туман ветер 2 м/с, СВ
460.43 501.04 6.65

ШҚО-да 400-ге жуық кәсіпкердің жобасы субсидияланды

2.10.2022, 17:14 13 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанда биыл 12 млрд теңгеге 384 кәсіпкердің жобасы субсидияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нақты сектор тиімділігінің маңызды көрсеткіші шағын және орта бизнес болып табылады. Президент өз Жолдауында айтып өткендей, отандық бизнес үшін кредиттік ресурстардың жетіспеушілігі мәселелерін шеше отырып, облыста ағымдағы жылдың басынан бастап барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 12 млрд теңгеге 384 кәсіпкер жобасы субсидияланып, кепілдендірілді.

Бұдан басқа, өңірде кәсіпкерлерге жер учаскелерін беру бойынша жедел және ашық қызмет көрсету үшін елді мекендердің электрондық карталары мен инженерлік коммуникацияларының геопорталы әзірленді. Бұл бизнеске ақпаратты ашық қолжетімділікте алуға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін осы порталда электрондық аукцион арқылы жер бөлу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив