KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да Asar Joly форумы өтеді

9.11.2022, 17:46 248 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі және "Asar Ume" қоғамдық қорының басшысы Асхат Нұрмашевтың бастамасымен "Asar Joly" қайырымдылық марафоны өтеді.

Бұл туралы "Asar Ume" қорының президенті Асхат Нұрмашев пен Қордың жетекші блогері Серік Қамбарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Форум өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға, нығайтуға, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған қоғамдық пайдалы жастар -- бастамаларын қолдау мақсатында өтеді.

- "Asar Joly" жобасының мақсаты - бүкіл ел бойынша, барлық қалалар бойынша 20 мың шақырым жол жүру, жақсылық жасау, кішкентай балаларға, мұқтаж жандарға баспана беру, қиыншылыққа тап болған отбасыларға көмектесу. Еліміз бойынша елуге жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, - деді Асхат Нұрмашев.

Серік Қамбарбаев Қордың құрылу тарихымен қатар қазірдің өзінде 500-ден астам отбасы баспаналы болып отырғанын жеткізді.

- Біздің басты міндетіміз - халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындарға көмек көрсету. "Asar Ume" қоры көмектескен отбасылардың қатарында жетім балалар мен жалғызбасты аналар болды. Халықтың көмегімен баспаналы болғаннан кейін олардың өмірі күрт өзгерді десе де болады. Біз тек үй алып берумен шектелмейміз, ата-аналарды жұмысқа орналастырып, балаларын оқытуға көмек көрсетеміз, - дейді блогер.

Сондай-ақ, брифинг барысында спикерлер тұрғындарды 11 қарашада ШҚО Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығында сағат 18:00 - де өтетін форумда күтетіндерін айтып өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив