Қазақстанға «мизам шуақ» қашан келеді?

Қазақстанның басым бөлігінде 23-30 градусқа дейін жылыну күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы жаз мезгіліндегідей қайта жылынады.
"Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы қалыптасты. Түнгі уақытта салқын болғанымен, күн ауаны біртіндеп жылытады, ал күндізгі уақытта термометрлердің бағандары республика аумағында 23-30 градусқа дейін көтеріледі. Тек батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа - райы тұрақсыз болады, мұнда найзағаймен қысқа мерзімді жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар оқыңыз