KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 2,3 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Риддерде №6 қазандықтан шыққан апат жойылды

11.11.2022, 09:43 293 Ләззат Қанатқызы

№6 жоғары қысымды қазандықтан шыққан апат жойылды.

Біраз уақытта қазандық іске қосылып, жылу беру басталады. Тұрғын үйлердегі температуралық режим де қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша күні түнге сағат 01.00 шамасында Риддер жылу орталығындағы  температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілген болатын.

11 қараша күні 8.00-дегі жағдай бойынша ТЖ штабының мәліметіне сүйенсек, ЖЭО-да температура 57/44 градус. Сыртқы ауа температурасы - 2 градус.

- Жылу орталығы штаттық режимде жұмыс істейді. № 6 қазандықта апат жойылды. Гидравликалық сынақтар жүргізіліп, сағат 8.00-де қазандық агрегатын жағу басталды. Алдағы уақытта қазандық желіге қосылып, жылу беру басталады. Қала бойынша энергия тұтыну 9 Мвт құрайды (бұған дейін 12-19 МВт аралығында болған). Бұл үйлердегі температуралық режим қалпына келіп, тұрғындар электр құрылғыларын аз қолдана бастағанын көрсетеді, - делінген штаб хабарламасында.

Сонымен қатар, бүгін Риддерге қосымша 4 мазут цистернасы жеткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив