KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО: Апаттық-құтқару жұмыстарына дайындық қалай?

11.11.2022, 10:14 261 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да құтқарушылар қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қыста болатын түрлі төтенше жағдайлар кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 382 техника мен 1525 адам сақадай сай.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол талғамайтын 104 техника дайындалған.

- «Трэкол», «Шерп», «Вахта» сияқты жол талғамайтын техникалар бар. Сонымен қатар, құтқарушыларға арнайы иттер көмектесетін болады. Яғни, профилактикалық жарылыс жұмыстары кезінде немесе зардап шеккен жандарды іздеу жұмыстарында, қар көшкі түскен жағайда иттер кезекшілік етеді, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қыста түрлі көліктер қар құрасуында қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Құтқарушылар ондай жағдайда не істеу керектігін еске салады.

- Алдымен маңайдағы жол белгілерін (болған жағдайда), молбильді құрылғыларды қолдану арқылы өзіңіздің орналасқан жеріңізді нақты анықтап алыңыз. Кейін бірден «112» нөмірі арқылы құтқарушыларға хабар беріңіздер, - деді мамандар.

Сондай-ақ алыс жолға шыққан кезде жанармай қорын толтырып алуға, артық жылы киімдерді алуға тырысыңыз. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше, көлікті оталып тұрғанда іші жылы болатынын ескеріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив