KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Балалар жүргізушілерге хат жазды - ШҚО

14.11.2022, 17:22 230 Ләззат Қанатқызы

Оқушылардың күзгі демалыстары күндері қарсаңында ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы және «Aq jol» балалар – жасөспірімдер клубының бастамасымен жол-көлік оқиғаларын алдын алуға бағытталған «Жүргізушіге хат» атты челендж ұйымдастырылды.

«ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК-нің оқушылары 150-ден астам хат жүргізушілерге жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ, олар өз жазба үндеулерін ұйымдастырушыларға тек электронды поштаға жолдамай, сонымен қатар әлеуметтік желілерге орналастырды.

- Балалардың шығармашылық жұмыстарын мұқият зерттеген жюри құрамындағы ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов, осы басқарманың ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Әлия Рағызбаева және педагог Рашида Мұқашева көп еңбектеніп, әр хатқа тақырыпқа сәйкестігіне, өзектілігіне, сауаттылығына және әзірлеу түрлеріне баға берді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Челендж нәтижесі бойынша кіші топта бірінші орынға Алина «Өркен» балалар-жасөспірімдер клубының оқушысы иеленді. Ал екінші орында - Мұхаммед «Жігер» Шығармашылық орталығынан, үшінші орында - Рузана «Эллада» балалар-жасөспірімдер клубынан анықталды.

Үлкен жастағы балалар арасында жүлделі бірінші орында Меруерт («Арман» БЖК-нан) және Назерке («Aq jol» БЖК-нан).Екінші орында – Рамина және үшінші орында – Айша. Ережеге сәйкес барлық жүлделі орын алған балалар мадақтамамен марапатталды, ал барлық Челендж қатысушыларына сертификат ұсынылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив