KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Құжаты да жоқ мас жүргізуші ұсталды – ШҚО

шартты сурет

15.11.2022, 10:44 225 Оразай Жеңісұлы

Риддер қаласының полиция қызметкерлері Гоголь мен Қонаев көшелерінің қиылысында «Toyota» маркалы көлікті тоқтатқан.

Тексеруден кейін жүргізушінің мас екені және көлік құралын басқару құқығынан үш жыл бұрын айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«55 жастағы тұрғын 2019 жылдың қазан айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Енді ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив