KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-дағы бірқатар аудандарда жол жөнделеді

16.11.2022, 17:35 370 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі жолдарды салу және жөндеу бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында жұмыс тобы Тарханка мен Топиха арқылы Черемшанкаға және одан әрі Риддерге шығатын жолды зерттеді, деп хабарлады Altaynews тілшісі.

- Онда жол өтпесі мен көпір салу, учаскелерді асфальттау қажет. Өйткені осындай кешенді жұмыс туризм мен бизнестің дамуына жаңа серпін береді, Риддерге баратын жол уақыты екі есеге қысқарады. Октябрь өткелінен Алтай қаласына дейінгі жол учаскесін, сондай-ақ "Өскемен - Самсоновка - Тарғын - Самарское", "Предгорное - Веселовка" учаскелерін орташа жөндеу көзделген, - дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы Ақжар ауылынан Зайсан тас жолына шығатын жолды қайта жаңарту керектігін атап өтті. Себебі жақында Зайсанда МРТ қондырғысы орнатылмақ. Аталмаш процедураға жақын аудандағы тұрғындар еш қиындықсыз жете алуы керек.

- Марқакөл ауылына дейінгі жолды да жөндеу қарастырылған. Сарапшылар Первомай кенті арқылы Шемонаихаға баратын жолды тексереді. Қазірдің өзінде көктемде жол-құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобаларды құжаттау және сараптау жұмыстары басталды, - деп атап өтті Даниал Кенжетайұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив