Өскемен
-9°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

ШҚО әкімі жол мәселесі бойынша кеңес өткізді

17.11.2022, 09:30 161 0 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі жолдарды салу және жөндеу бойынша кеңес өткізді.

Жұмыс тобы Тарханка мен Топиха арқылы Черемшанкаға және одан әрі Риддерге шығатын жолды зерттеді. Онда жол өтпесі мен көпір салу, учаскелерді асфальттау қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өйткені осындай кешенді жұмыс туризм мен бизнестің дамуына жаңа серпін береді, оған қоса Риддерге баратын жол уақыты екі есеге қысқарады.

– Октябрь өткелінен Алтай қаласына дейінгі жол учаскесін, сондай-ақ "Өскемен - Самсоновка - Тарғын - Самарское", "Предгорное - Веселовка"учаскелерін орташа жөндеу көзделген. Сондай-ақ Ақжар ауылынан Зайсан тасжолына шығатын жолды қайта жаңарту қажет. Өйткені Зайсанда МРТ қондырғысы орнатылады, яғни жақын аудандардың тұрғындары бұл процедураға кедергісіз келуі үшін жол қолайлығы болуы тиіс. Сондай-ақ, Марқакөл ауылына дейінгі жолды жөндеу қарастырылған. Сарапшылар Первомай кенті арқылы Шемонаихаға баратын жолды тексереді, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Қазірдің өзінде көктемде жол-құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобаларды құжаттау және сараптау жұмыстары басталып кетті.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив