KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Жазасын өтеп шыққандарға көмек көрсетілуде – ШҚО

17.11.2022, 11:34 490 Ләззат Қанатқызы

ШҚО қоғамдық кеңесінің жанынан жазасын өтеп түрмеден шыққан жандар мен ШҚО пробация, ювеналды полиция қызметтерінде есепте тұрған тұрғындарды әлеуметтендіру мәселелері жөніндегі комитет құрылған.

Бүгінде ШҚО-да бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жеткілікті түрде қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атаған комитет жетекшісі Виктор Дактың айтуынша,  түзету мекемесінен шыққандарға жұмысқа орналасуға, құжаттарын қалпына келтіріп, жәрдемақы алуға көмек көрсетілетін көрінеді.

- Біз қызмет барысында босап шыққан жандарға құқықтық көмек, яғни жәрдемақы алуға көмектесіп, жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз жұмыс істеп, құжаттарын қалпына келтіреміз. Енді ғана босап шыққан адамдар қоғамға қалыптасып кете алуы үшін, қайтадан қылмысқа бармауы үшін жұмыспен қамту маңызды. Ал, жұмысқа құжаттары дұрыс болғанда ғана орналаса алады. Қажет болған жағдайда әлеуметтік-психологиялық көмекте беріледі, - деді комитет басшысы.

Биыл комитет мүшелері Катонқарағай, Зайсан, Күршім, Жарма, Алтай аудандарында болып, осы категориядағы азаматтарға көшпелі рейдтер барысында көмек көрсеткен. Жалпы жыл басынан бері комитет 7 отырыс, 9 рейд жүргізген. Жеке өтініші бойынша жүгінген 27 адамның мәселесі шешіліпті.

- Азаматтар түрмеден босап шыққан соң психологиялық тұрғыдан бастап, көптеген проблемаларға ұшырап жатады. Бізге қарапайым көрінетін ХҚКО арқылы құжат рәсімдеудің өзі қиынға соғады. Сондықтан, азаматтарға бұл бағытта тиісті көмек көрсетілуі тиіс деп санаймыз, - дейді Виктор Дак.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив