KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да ерекше балаларға арналған киім топтамасы шығарылды

18.11.2022, 10:51 374 Ләззат Қанатқызы

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған киім топтамасы еліміз бойынша алғаш рет ШҚО-да шығарылды.

Аталмыш топтаманың бағасы шетелден әкелінген киімдерге қарағанда 3 есе төмен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, бұл ерекше киімдерді Өскемен қаласындағы"Рауан "ПКП" ЖШС өнеркәсібі кәсіпорнының шеберлері дайындап шығарған.

- Кәсіпорынн басшысы Әлия Адамова алдағы уақытта бұл бизнес-жобаны әрі қарай дамыта бермек. Себебі мұндай заттарға сұрасын өте көп. Шетелден әкелінетін киімдер бағасы қымбат, ал отандық өнімнің бағасы одан үш есеге арзан болады, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Өндірушілер алдымен ата-аналардың ортақ чатында мұндай киімдер қандай ерекшелікте тігілу керектігін сұрап, зеттерген.

- Елімізде церебральды сал ауруы бар балаларға арналған киімдер тігілмейді. Бұл ата-аналар үшін үлкен проблема болған. Бізге киімдер қымбат бағада Санкт-Петербургте импортталады. Киімдер келмей қалған жағдайда аналары киімдерді өздері өзгертіп тігуге мәжбүр болатын көрінеді. Сондықтан осындай топтаманы жарыққа шығаруға бел будық. Алдымен ата-аналар сатында киімдердің қандай ерекшеліктері болу керектігін біліп, кейін "Мархабат" түзету орталығына барып өлшем алдық. Ол аутизм, церебральды сал ауруы және басқада диагноздар қойылған балалармен айналысатын орталық, - дейді Әлия Адамова.

Енді "Рауан" ПКП  маусымдық және қысқы киім түрлерін, яғни боди, спорттық костюмдер, комбинезондар тігуді жоспарлап отыр.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек, бірінші кезекте өндірушілер аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қамтымақ. Ал, жалпы кәсіпорынның мақсаты бүкіл Қазақстандағы әрбір ерекше күтімді қажет ететін балаларды қамтамасыз ете алу.

- Менің балам бес жаста. Оның сөйлей алмайды, өздігінен киіну де қиынға соғады. Әлия Маратқызы ерекше балаларға арналған киімдер тігу туралы ұсыныс айтқанда әрине, қатты қуандық. Бұл орайда киімнің сапасы, қалталарының қалай, қай жерде орналасу керектігіне дейін біздің пікіріміз ескерілді,- дейді ерекше баланың анасы Айтолқын Мұқашева.

Әлия Адамова топтама толықтай жарыққа шыққанда, жазғы коллекцияны тігуге арналған жабдықтарды алуға көмектесетін демеушілер табылады деп үміттенеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив