Өскемен
-8°
снег Штиль
458.69 501.3 6.52

ШҚО-да ТЖ кезінде қаза тапқандар саны азайды

18.11.2022, 15:30 171 0 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да соңғы 10 ай ішіндеТЖ кезінде қаза тапқандар саны 28,9% - ға азайды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков мәлім етті.

Вице-министр жұмыс сапары барысында шығыс халқымен кездесіп, азаматтарды қабылдады. Іс-шараға қала кәсіпкерлері, еріктілер, азаматтық қорғау ардагерлері, жұртшылық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кездесуде өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы, оның ішінде туризм, ТЖМ жүйесіне жұмысқа орналасу саласында дамып келе жатқан түрлі өзекті мәселелер талқыланды, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Марат Күлдіков министрліктің 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қызметі және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны қаупін азайту, өрттердің, авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілердегі іс-шаралар туралы толығымен айтып берді. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дамуы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Республика бойынша тұрақты негізде іс-шаралар кешені жүргізілуде, бұл су тасқыны, сел және жер сілкінісі қаупін азайту, өрттердің алдын алу, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен инциденттердің алдын алу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету. Нәтижесінде 10 ай ішінде өңірде ТЖ кезінде қаза тапқандар саны 28,9% - ға азайды. Бұл ретте 1 100-ден астам төтенше жағдай тіркелді. Департамент бөлімшелері 6 мыңнан аса шығуды жүзеге асырып, 1 052 адам құтқарылды және эвакуацияланды,-деп атап өтті вице – министр.

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив