KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да нысанды пайдалануға қабылдау тәртібі туралы айтылды

18.11.2022, 18:26 360 Мадина Амангелдіқызы

Құрылыс бойынша жобаларды іске асыру жер учаскесіне құқық негізінде жүзеге асырылады.

Нысанды пайдалануға қабылдау тәртібі және құрылыс процесінің негізгі талаптары туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрланұлы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Нысанды пайдалануға қабылдаудың бірнеше кезеңдері бар. Мысалы, құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу, эскиздік жобаны, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және келісу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету, салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру,- деп толықтырды Нұржан Нұрланұлы.

Сондай-ақ, ол ғимаратты қабылдау мен пайдалануға беруді тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес  толық  дайын болған кезде жүргізетінін айтты.

Салынған нысанды пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Оған тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар қол қояды. Нысанды бекітілген актісіз пайдалануға жол берілмейді, - деді спикер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив