Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,6 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

ШҚО тұрғыны есірткі сақтағаны үшін ұсталды

21.11.2022, 09:25 230 0 Оразай Жеңісұлы

Катонқарағай ауданындағы Барлық ауылының 36 жастағы тұрғыны бір келіден астам марихуана сақтаған.

Күдіктіні экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен аудандағы тәртіп сақшылары бірлесіп ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тінту кезінде ағаш қораның төбесінен және еден астына жасыл түсті, өсімдік тектес зат салынған бірнеше банка, сөмке және қағаз орамдары табылды.

Сараптамадан кейін тәркіленген заттың 1 кг 76 грамм «кептірілген марихуана» екені нақты болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары өңірде «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатқанын айта кетейік.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив