KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-дағы шошқа фермасы 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген

23.11.2022, 10:36 334 Оразай Жеңісұлы

Тұрғындар талай рет шағымданған шошқа фермасы 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген.

Естеріңізде болса, облыс орталығының және Глубокое ауданының тұрғындары шаруашылықтың қызметіне, экологиялық залалына шағымданған. Тұрғындар қораптардағы қалдық сұйықтық ауыз суға түсіп, қалдықтардың заң бұзушылықпен сақталып жатқанын айтқан. Экологиялық аудит те бұл деректерді растаған.

Оның үстіне 20 жылдан бері шаруашылық бірде-бір экологиялық сараптамадан өтпеген. Бұйрық бойынша кәсіпкер барлық заң бұзушылықтарды жойып, тұрғындарды хабардар етуі тиіс. Бірақ бұл орындалмаған. Осылай іс сотқа дейін жеткен.

Сот тұрғындар шағымын ескеріп, департаменттің дәлелдерін қолдап шешім шығарған. Сот шешімі күшіне енгенде, кәсіпорынның қызметі бірден тоқтатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив