KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

ШҚО әкімінің сыйлығына өтінім қабылдау басталды

24.11.2022, 10:02 244 Ләззат Қанатқызы

 ШҚО әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығына өтінім қабылдау басталды.

Байқауға жылдың жас көшбасшысы, жылдың студент көшбасшысы, жас кәсіпқой, жылдың жастар ұйымы, жылдың жас журналисті, жылдың жастар акциясы және жас отбасы сияқты 7 номинация бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, бір үміткер екі немесе одан көп номинацияларға ұсынылмайды.

- Қатысушылар туралы материалдар 7 желтоқсанға дейін Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 27/1, мекенжайында орналасқан ШҚО қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесі арқылы қабылданады. Қосымша ақпарат білу үшін 8 (7232) 710-234, 610-942 анықтама телефондарына хабарласуыңызға болады, - дейді ұйымдастырушылар.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив