KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Биыл 3 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі - ШҚО

24.11.2022, 10:51 233 Ләззат Қанатқызы

Жыл соңына дейін облыс бойынша үш мыңға жуық пәтер пайдалануға берілмек.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов әкімдік отырысында айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл көрсеткішті келесі 2023 жылы сегіз мыңға дейін арттыру жоспарланып отырған көрінеді.

- Осы жылдың соңына дейін біз 317 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз, бұл үш мыңға жуық пәтер. Сондай-ақ облысымызда жеке инвестициялар есебінен салынып жатқан коммерциялық тұрғын үйге сұраныс бар. Қазір 64 үйге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, облыс орталығындағы 22-ші шағын ауданында құрылыс үшін жер учаскелері ресімделуде, - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Сонымен қатар, "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 126 үй салынуда. Ал ауылдарда көпбалалы отбасылар үшін тағы 58 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив