KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Қар күреу жұмыстарының қарқыны қандай? – Өскемен

24.11.2022, 11:25 416 Оразай Жеңісұлы

Қалада қар күреу жұмыстарының қарқыны қандай? «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК басшысы Асхат Тәженов коммуналдық қызметтің жұмысы туралы айтты.

– Қалада бірнеше күре жол бар. Бұған Үлбі ауданындағы Назарбаев, Абай, Шәкәрім даңғылдары, Октябрьский ауданындағы Әуезов даңғылы мен Қазақстан көшесі, сондай-ақ Сатпаев даңғылы кіреді. Бұл жолдарда қызметкерлер ең жаңа әрі жұмыс өнімділігі жоғары техиникалармен жұмыс істейді. Өйткені негізгі көлік магистралінде қозғалыс іркілсе, бүкіл қала тіршілігі тоқтап қалады деуге болады.
Алайда бұл шеткі аудандар назардан тыс қалады дегенді білдірмесе керек. Тазалық жұмыстары барлық ауданда бір мезгілде басталады. Қала орталығындағы көшелер көлік қозғалысына қаншалықты қолайлы болса, Согра, Аблакет, Сол жағалау аудандарында да сондай тазалық, жайлылық болады. Орталықтағы жаңа техникалар тиісті жұмысты аяқтаған соң, шеткі аудандағыларға көмекке «келеді». Жалпы кәсіпорында 98 қысқы техника бар, – деді Асхат Тәженов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив