Көлік қозғалысына шектеу енгізілді – ШҚО

«Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» тасжолында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шектеу 23 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
94-ші және 104-ші шақырым аралығындағы жол учаскесімен түнгі уақытта (21:00-ден 06:00-ге дейін) тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар көлік құралдарының қатынауына тыйым салынады, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Сонымен қатар оқыңыз