Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,4 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Жолдарда көліктің көлемін өлшеу автоматтандырылады

26.11.2022, 09:00 185 0 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанның жолдарында көліктің көлемін өлшеу автоматтандырылады.

Жолдарда көлік құралдарының салмағы мен сыртқы көлемін өлшеу автоматтандырылған стансалар арқылы жүзеге асыру көзделген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Парламент Сенатының жалпы отырысында айтты.

Депутаттардың назарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші және екінші оқылымда ұсынылды. Бұл заң жобасы жолдардағы көліктерді бақылауды автоматтандыруға, теңіз көлігі саласындағы халықаралық шарттардың нормаларын іске асыруға, теміржол көлігіндегі оқиғаларды және кемелердің қатысуымен орын алатын жағдайларды тергеуді жетілдіруге, сондай-ақ еліміздің аталған бағыттағы заңнамасын Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мен Еуропалық одақтың авиациялық талаптарымен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

«Автокөлікпен жүктерді тасымалдаудың жоғары қарқындылығы жол жабынының уақытынан бұрын бұзылуын алдын алу жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты жолдарда көлік құралдарының салмағын, сондай-ақ олардың көлемін өлшейтін автоматтандырылған стансаларды орнату жоспарланып отыр. Заң жобасында өлшеу стансаларын орнату және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормалар қарастырылған. Бұл орайда аталған стансалар «Сергек» бейнебақылау жүйесінің қағидатына сәйкес, яғни адамның қатысуынсыз жұмыс істейтінін айта кету керек», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Бұл шараларды іске асыру автожолдардың сапасын ұзақ сақтауға, сонымен бірге жолдардағы бақылау процесіндегі адами факторды болдырмауға септігін тигізеді деп болжануда.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив