Өскемен
-8°
снег Штиль
458.69 501.3 6.52

Қазақстанда жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынылды

26.11.2022, 14:27 206 0 Мадина Амангелдіқызы

«ҚазжолҒЗИ» жолдардың сапасын арттыру мақсатында IT-шешім ұсынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан «Kaztraffic-2022» көрмесі шеңберінде сарапшылар автожол құрылысы барысында пайдаланылатын материалдардың сапасын талқылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Жоба жасаушылар көбінесе карьерлер мен зауыттардың сапасы, олардың қуаты туралы деректердің болмауына тап болып жатады. Қағаз жүзінде карьер болса, іс жүзінде олай емес. Немесе құрылыс материалын елдің оңтүстігінде пайдаланады, алайда ол солтүстік өңірдің клматына әлдеқайда төзімдірек», - деді «ҚазжолҒЗИ» вице-президенті Айдос Елшібаев. 

Институт «Бірыңғай жол базасы» цифрлық жүйесін құруда. Базада Қазақстанның карьерлері мен битум зауыттары, олардың географиялық ақпараттық жүйе картасындағы геолокациясы туралы деректер сақталады.  Бірыңғай база жобалау және құрылыс кезінде сыналған карьерлер, битум зауыттары, инновациялар, технологиялар туралы ақпарат алуға көмектеседі. Бұл жол құрылысын әлдеқайда жеделдетіп, жақсарта түседі деп болжануда.

Бірыңғай база жолдың климаттық аймағын және барлық қолайлы климаттық материал мен әдістерді де ескереді екен.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив