KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
448.15 483.46 4.86

ШҚО тұрғын үй салу бойынша алға шықты

26.11.2022, 10:17 235 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысы елімізде тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастап тұр.

Осы жылдың 10 айында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 13 930,4 мың шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, тұрғын үйді пайдалануға беру өсімі республиканың 15 өңірінде байқалған.

Өсу қарқыны бойынша бірінші орында Түркістан облысы (43%-ға) , одан кейін Ақмола (11,8% - ға), Алматы (10,9% - ға), Шығыс Қазақстан (8,4% - ға) облыстары, Шымкент (26,2% - ға) және Алматы (8,6% - ға) қалалары тұр.

Бұл ретте Ұлытау (39,6% - ға), Абай (11% - ға), Маңғыстау (15,7% - ға), Атырау (11,3% - ға) облыстарында және Астанада (13,4% - ға) іске қосылған тұрғын үй саны біршама азайған екен.

Деректерге сәйкес, пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2021 жылғы қаңтар – қазан айларымен салыстырғанда 1,1% - ға ұлғайып, 11 724,8 мың шаршы метрді құрады.

6 355,8 мың шаршы метр – көппәтерлі үйлер;

5 310,9 мың шаршы метр – жеке үйлер;

52 499 ш. м. – жатақханалар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив