KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да көшкін қаупі туралы ескертті

26.11.2022, 11:30 503 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО аумағында көшкін қаупі 26-28 қарашасы аралығында сақталады.

Қолайсыз метеожағдайларға байланысты қалың қар жауып, таулы өңірлерде желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы ШҚО ТЖД ескертеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жалпы облыс аумағында 497 қар көшкіні жиыны тіркелген, оның ішінде 325 ошақ 71 нысанға қауіп төндіреді. Атап айтқанда, 44 тұрғын үй, 93 шақырым автомобиль жолдары (15 шақырымы - республикалық маңызы бар жолдар, 78 шақырымы - облыстық маңызы бар жолдар). Ең қауіпті бағыттар: Өскемен-Самар тас жолының 95-102,132-137 шақырымдары, Өскемен - Таулы Үлбі тас жолының 30-37 шақырымы, Өскемен-Северное-Серебрянск тас жолының 58-65 шақырымы.

Сонымен қатар, 5 демалыс базасы өңірде көшкін қаупі бар аймақта орналасқан: екеуі - Риддер қаласында, үшеуі - Таулы Үлбі қаласында.

Осы ретте ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы аймақ тұрғындарына бірқатар қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға шақырады:

- жолға шығу кезінде ауа-райы болжамын қарап алаыңыз. Тауларға қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде шығуға болмайды;

-жалғыз және қараңғы уақытта серуендеуге бармаңыз. Жақындарыңызға, құтқарушыларға маршрутыңыз бен жоспарларыңыз туралы хабарлауды ұмытпаңыз.

Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек:

- жартастың, ағаштың артына паналауға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз;

- қар көшкініне тап болсаңыз, қардың бетінде қалу үшін жүзу қимылдарын жасаңыз;

- қарға батып кетсеңіз, тізеңізді асқазан тұсына қарай тартып, қар көшкіні тоқтағанша күтіңіз. Одан кейін қардың үстіңгі және астыңғы қабатын анықтап, шығуға тырысыңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив