Өскемен
-24°
туман ветер 2 м/с, СВ
460.43 501.04 6.65

ШҚО-да қар көшкіні болды

26.11.2022, 15:00 191 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болды. Қаза тапқанда мен зардап шеккендер жоқ.

26 қарашада қалың қар мен қатты боран салдарынан «Өскемен-Алтай» автожолының 65 шақырымында қар көшкіні түсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, бұл тас жолда қозғалыс алдын-ала жабылған болатын.

Жолды қардан тазартуға 2 бірлік техника жұмылдырылды.

 «Казселденқорғау» және ШҚО ТЖД мамандары аймақтың таулы аудандарына қар көшкіні қаупі туралы ескертеді. Адамдарға тауларға барудан және саяхатқа шығудан бас тартыңыздар.

Төтенше жағдай туралы «112» телефоны бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив