Өскемен
-13°
туман Штиль
455.65 489.96 6.36

Тарбағатай ауданында автокөлік қар құрсауында қалды

27.11.2022, 10:01 162 0 Мадина Амангелдіқызы

Өткен түнде Тарбағатай ауданының құтқарушылары көлік жүргізушісіне көмекке келді.

Ақжар ауылынан 30 шақырым жерде көлік құралы қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жүргізуші қар құрсауынан өз күшімен шыға алмаған соң,  "112" қызметіне қоңырау шалды.

ШҚО ТЖД  құтқарушылары автокөлікті қалың қардан шығарып, оны жолдың тазартылған учаскесіне жеткізуге көмек көрсетті.

ТЖ қызметі жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді. "Дәрмен" қосымшасында ауа райы жағдайлары туралы алдын ала біліп алу қажет. Дауылды ескерту кезінде елді мекеннен шықпаған жөн.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив