Өскемен
-13°
туман Штиль
455.65 489.96 6.36

ШҚО-да тағы да жол жабылды

27.11.2022, 09:00 136 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан аумағында ауа райы жағдайына байланысты бірқатар жолдар жабылды.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, бүгін Өскемен қаласында ауа температурасы -29 градусқа жетті. Осы ретте автожолдар тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сағат 08:30-дағы жағдай бойынша 5 автожол жабылды.

Республикалық маңызы бар тас жолдар:

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» тас жолының 6-166 шақырымындағы «Ушанов кенті – Алтай қаласы» учаскесінде, сондай-ақ «Омбы - Майқапшағай» тас жолының 1289-1321 шақырымындағы «Қаратал ауылы – ҚХР шекарасы» учаскесі жабық.

Облыстық маңызы бар жолдар: «Өскемен – Новотроицкое» және «Жоғарғы Тайынты – Самар ауылы».

Жергілікті маңыздағы тас жол:  Алтайка - Чапаево (0-36 шақырымы).

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив