Өскемен
-11°
пасмурно ветер 0,1 м/с, З
455.65 489.96 6.36

Шығыста 42 градусқа дейін аяз болады

27.11.2022, 15:23 372 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан аумағында 42 градусқа дейін қатты аяз болады.

"Қазгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша, 28 қарашада облыстың солтүстік-шығысында сынап бағаны минус 42 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Осы ретте ТЖ қызметі аймақ тұрғындарына алыс жолға шықпауға кеңес береді. Аулаға шыққанда қалың киіну қажет. Сондай-ақ аязды күндері мас күйде далада жүру қауіпті екенін ескертеді.

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан аумағында ауа райы жағдайына байланысты бірқатар жолдар жабылды. ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, бүгін Өскемен қаласында ауа температурасы -29 градусқа жетті. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив