Өскемен
-4°
небольшой снег ветер 0,6 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

Зайсан ауданында жүргізушілер аязда үсіп қала жаздады

27.11.2022, 17:41 440 0 Мадина Амангелдіқызы

Зайсан ауданында құтқарушылар аязда үсіп қала жаздаған жүргізушілерді эвакуациялады.

27 қарашада «Омбы – Майқапшағай» тас жолында Қаратал ауылына қарай ондаған жүк фургондары қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жүргізушілерге 25-ші өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары көмекке келді.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, қар құрсауында қалған 16 жүргізушінің біреуіне ғана дәрігерлердің көмегі қажет болған. Ер адамның қолы аздап үсіп қалыпты. Ол жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізілді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Қалған жүргізушілерді құтқарушылар Қаратал ауылына жеткізіп тастады.

«Қазіргі уақытта оларға ешқандай қауіп жоқ, жүргізушілер қонақүйге орналастырылды. Осы жерлерде жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив