Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады

Полиция Алматы-Өскемен автожолындағы кейбір учаскелердің жабылғанын ескертті, деп хабарлайды тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорғаннан шығыс бағытта дизель отынын пайдаланатын автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелген.
Бұдан әрі 410-шақырымға дейін көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.
«Сондай-ақ, температураның төмендеуі және екпінді жел Алакөл ауданы арқылы Абай облысына қарай өтетін учаскедегі автомобильдердің қозғалысын шектеуге мәжбүр етті», - деп жазылған полицияның хабарламасында.
Сонымен қатар оқыңыз
ШҚО-да бірқатар жолдар жабылдыАуа-райының қолайсыздығынан кеше жабылған тас жолдар ашылдыШҚО-ның жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылдыҚазақстанның бірқатар аймақтарында тас жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылдыОблыс аумағында ауа райының бұзылуы салдарынан кейбір бағытта жолдар жабық