Өскемен
-12°
пасмурно ветер 0,2 м/с, Ю
455.65 489.96 6.36

ШҚО-да туризм саласына ерекше көңіл бөлінуде

30.11.2022, 16:09 903 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ның бірқатар аудандарында туризм саласын дамыту үшін арнайы жобалар дайындалуда.

Аталмыш салада қандай жұмыстар жасалып жатқанын ШҚО әкімі Даниал Ахметов кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір Жаңа Бұқтырмада маңызды эскиздік жоба дайындалып жатыр. Яғни, Осиновский асуын айналып өтетін "Өскемен-Алтай" тас жолы, Жаңа Бұқтырмадағы көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, қызмет көрсету объектілерін салу, сондай-ақ жағалаудағы жаяу жүргіншілер аймағынан демалыс орталықтарына дейінгі жол. Ол жерде веложолдар мен түрлі құрылыстар қарастырылмақ.

Сонымен қатар, кентте үлгілік жоба бойынша мемлекеттік тілде оқытатын 200 орындық мектеп салу жоспарланып отыр.

- Риддерге келетін болсақ, мұнда да маңызды эскиздік жоба қажет, Тарханка, Топиха және Черемшанка арқылы өтетін жолды зерттейтін арнайы топ жұмыс істейді. Қалада көше жарығын қайта құру жүргізіледі - біз Риддер орталығы мен барлық автобус бағыттары үшін 2500 шам орнатуды қарастырамыз, - деді аймақ басшысы.

Ал, Катонқарағай ауданында экологиялық туризмге баса назар аударуға арналған арнайы жобалар дайындалған.

- Өлкетану мұражайының ғимаратындағы XIX ғасырдағы шіркеуді қалпына келтіреміз. Сондай-ақ, көпір салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Әр жобада жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына бааа назар аудару қажет. Туризмді дамыту жобасы Сарыбел үшін де дайындалуда. Жалпы, аймақтық туристік әлеуеті һте жоғары және оны дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар, - деп түсіндірді облыс әкімі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив