KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскемен: жылу орталығының өкілдері жағдайды түсіндірді

30.11.2022, 17:30 882 Оразай Жеңісұлы

Өскемен жылу-электр орталығында тұрғындарды дүрліктірген мәселеге байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Кәсіпорынның жөндеу жөніндегі директоры Тоқтар Ақтайлақов барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты, деп хабарлады Altaynews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, желілерде температураның төмендеуіне екі фактор әсер еткен: біріншісі – су айналымы көлемінің ұлғаюы. Қазір су айналымы сағатына 14 000 тоннаға дейін жетеді.

Екіншісі –28 қарашада 15-ші қазандықтың істен шығуы.

«Бірақ бір сағаттан кейін қазандық қайта іске қосылды», - дейді Тоқтар Ақтайлақов.

Судың жылуын арттыру үшін бүгін қосымша 14-ші қазандық іске қосылыпты.  Қазір судың температурасы 96 градус. 8-12 сағаттан кейін 106 градусқа жетеді деп күтілуде.

«Су айналымы көбеймеген жағдайда осылай болады. Егер су айналымы 14 мың тоннадан асатын болса, температураны төмендетеміз», - деді  Тоқтар Ақтайлақов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив