KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Риддерде 3 қазандық жұмыс істеп тұр – ШҚО әкімі

1.12.2022, 10:09 686 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі кеше Риддер қаласына барып, жылу электр орталығындағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен танысып қайтты.

Қазір ол жақта жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қазір Риддерде 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Оның біреуі – жоғары қысыммен. Ал, төртінші қазандық агрегатын жөндеу аяқталды, іске қосу және реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Бесінші қазандықта жабдықтар жөнделуде, - дейді аймақ басшысы.

Сонымен қатар облыс әкімі Риддер жылу электр орталығындағы барлық жабдықтар өте тозғанын атап өтті. Тіпті жылыту маусымына бірде-бір қазандық қондырғысы дайын болмай шыққан көрінеді.

- Қазіргі таңда жөндеу және қалпына келтіру бригадалары электр жабдығынан бастап дәнекерлеу жұмыстарына дейін барлығын қалпына келтіруде. Бздің мамандарға Қазан қаласынан келген энергетиктер белсенді түрде көмек көрсетуде. Осылайша, жаңартылған үш жоғары қысымды қазандық қатаң ауа-райы жағдайында температура режимін сақтауға мүмкіндік береді. Мен Орталықты сатып алу немесе оны коммуналдық меншікке беру туралы иелеріне екі рет жүгіндім, бұл бастама ҚР Үкіметі деңгейінде мақұлданды, - дейді Даниал Кенжетайұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив