ШҚО-да жеңіл көлік көшкіннің астында қалды

Облыс орталығынан Алтай ауданына жеңіл көлікпен бет алған жолаушылар көшкінге тап болды.
Көлікте бес адам болған, деп Altaynews.kz тілшісі.
«Көлік көшкіннің астында қалып қойған. Дегенмен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді полиция.
Патрульдік полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған көлікті көріп, бірден көмекке ұмтылған. Олар әуелі қасат қарды күрекпен күреген, алайда ақыр соңында грейдерді шақыруға тура келіпті.
«Үш жолаушыны жол көлікпен Алтайға жөнелттік, ал ерлі-зайыптыларды Серебрянскіге алып келдік», – деді сақшылар.
Сонымен қатар оқыңыз
ШҚО-да жолаушы толы автобус жеңіл көлікпен қақтығысып қалдыСекисовкада жеңіл көлікпен қақтығысқан автобус: оқиғаның анық-қанығыҚыста көшкіннің астында қалған ШҚО тұрғынының денесі мамырда бірақ табылдыҚұтқарушылар қар құрсауында қалған екі көлікті алып шықты – ШҚОҚар тазалайтын техника жеңіл көлікпен соқтығысты – Өскемен