KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да 76,8 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2.12.2022, 10:31 525 Оразай Жеңісұлы

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті.

Жиында Күршім, Шемонайха, Зайсан және Алтай ауданы әкімдігінің өкілдері пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі бойынша баяндама жасады.

 «Жыл басынан бері ауданның арнайы жер қорына 17 756,4 гектар жер қайтарылды. 2108,6 гектар – егіндік, 994,9 гектар – шабындық, 14652,9 гектар – жайылымдық жер», - деп мәлімдеді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемесов.

Алтай мен Шемонайхада да бұл  жұмыс жолға қойылған. Ал Күршім ауданының әкімдігі «Qoldau» веб-порталымен цифрлық мониторинг жүргізіп, 77 жер учаскелерінің игерілмей жатқанын анықтаған. Жалпы көлемі – 45 365,78 гектар.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында пайдаланылмаған жерлерді алып қою жөніндегі комиссияның қызметін атап өтті. Оның жұмысы аясында мемлекетке 5 миллион гектардан астам ауылшаруашылық жерлері қайтарылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 76,8 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекеттік меншікке қайтарылды (Алтай ауданында – 2 мың га, Зайсан ауданында – 20,6 мың га, Күршім ауданында – 16,1 мың га, Шемонаиха ауданында – 2,6 мың га). Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді», - деді облыстық жер қатынастары бақармасының басшысы Надежда Михейлис.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив