Өскемен
-13°
туман ветер 1 м/с, СЗ
455.65 489.96 6.36

Өскеменде «Үміт ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өтті

2.12.2022, 16:23 305 0 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде «Үміт ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өтті.

Байқауды облыстық білім басқармасының «Үміт» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» балалар жылына орай ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл іс-шара жыл сайын жалғасын тауып келеді. Биыл бүлдіршіндердің құрметіне «Әлем қуыршақтары» деген тақырып ұсынылыпты. Шетелдерден «келген» бес ханзада мен бес ханшайым өзара сайысады.

– Мен Чукотка елінің атынан сынға түсемін. Бұл солтүстіктегі халық. Бүгін біз ән саламыз, би билейміз, тақпақ та айтамыз. Қатысушыларға сәттілік тілеймін! – деді Александр есімді қатысушы.

 

Жалпы, іс-шарада 80-ге жуық бала өнер көрсетеді.

– Байқауға дайындық барысында көптеген қызықты сәттер болды. Балалар бір-біріне әбден үйренісіп қалды. Көпшілікпен жұмыс істеуді үйренді. Біздің көздеген мақсатымыз да осы емес ғой, – дейді ұйымдастырушы Нұргүл Марубекова.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив