KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да қылқан жапырақтыларды қорғау күшейтілді

6.12.2022, 10:18 384 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаларды қорғау күшейтілді.

Өткен демалыс күндері Риддер қаласы мен Таулы Үлбі елді мекенінде рейд жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерінен құралған мобильдік топ жалпыға ортақ жолдарды, күзетілетін аумақтарды «сүзіп» шықты. Бұдан бөлек көліктерді тоқтатып тексеретін үш бекет жұмыс істеп тұр», – деп мәлімдеді қорық қызметкерлері.

Рейд енді «Риддер орман шаруашылығы» КММ мен «Өскемен орман шаруашылығы» КММ аумағында жалғасады.

Мамандар заңсыз ағаш кескендер айыппұл арқалайтынын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив